Қазақстандық жауынгерлер жасөспірімдер Азиадасын жеңіспен бастады

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын бастады, деп хабарлайды Sport+.
Жігіттер арасында 80 келіге дейінгі салмақта Нұртілеу Өтеген төрешілердің шешімімен Мусо Иброхимзададан (Тәжікстан) басым түсті.
Ал Амелина Бакиева Фотима Фозилованы (Тәжікстан) мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетейік, аралас жекпе-жек бойынша жарыстар жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.