Қазақстандық жасөспірімдер — FIP Promises Tbilisi турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Падел спортшылары Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин Under 16 санатындағы FIP Promises Tbilisi турнирінің жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Sport+.
Финалдық кездесуде қазақстандық жұп 7:5, 6:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Сондай-ақ Under 18 санатында біздің жасөспірімдер тамаша өнер көрсетті — турнирдің жартылай финалына бірден екі қазақстандық жұп шықты:
• Арнұр Тұрсынхан / Ислам Дүйсенғазин
• Санжар Жуасов / Тимур Ахметов
Жартылай финалда екі қазақстандық жұп та жеңіске жетіп, Under 18 санатының финалында өзара кездесті. Финалда Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал Санжар Жуасов пен Тимур Ахметов турнирді Under 18 санатының күміс жүлдегерлері ретінде аяқтады.