logo

Қазақстандық жас спортшы әлем рекордын жаңартты

Қазақстандық жас спортшы әлем рекордын жаңартты

Қазақстандық мерген Елизавета Безрукова нысана көздеуден Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогында жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Елизавета Безрукова іріктеу сынында 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, 1-орын иеленді.

2-орынға 593 ұпаймен Анита Манголд (Германия) жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.



Күн шежіресі