logo

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына өтті

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына өтті

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ұлдар және қыздар құрамасы жағажай волейболынан жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама ширек финалда Қатарды 2:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.

Ал Гаяна Галаш және Мерей Қожахмет Мальдив құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

Кездесулер 25 қазанда өтеді.



Күн шежіресі