Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Азия ойындарында топ жарды
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль иеленді.
Отандасымыз жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырды.
Екінші орын қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жайғасты. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2026 жылғы Азия ойындарының екі медалі бар. Бұған дейін Арлан Жаңабай ерлер арасында триатлоннан қола медаль жеңіп алған болатын.