logo

Қазақстандық ҰОК Азия Олимпиадалық кеңесінің комитеттеріне енді

Қазақстандық ҰОК Азия Олимпиадалық кеңесінің комитеттеріне енді

Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) ұйым комитеттеріне енген жаңа мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Sport+.

Тағайындау туралы шешімді Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті Раджа Рандхир Сингх Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен АОК-тың 44-ші Бас ассамблеясында қабылдады.

АОК комитеттерінің құрамына Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшылары мен қызметкерлері енді. Спорт комитетіне Қазақстанның ҰОК президенті Геннадий Головкин тағайындалды. Бас хатшы Әлімжан Ақаев Халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі болды. PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шукенова Медиа және БАҚ комитетіне кірді, ал Спорт департаментінің бас менеджері Роман Теміржанов Ақпарат және статистика комитетіне қосылды.

Сонымен қатар, Орталық Азияның Аймақтық антидопинг ұйымының (RADOCA) директоры Венера Абдулла антидопинг комиссиясының мүшесі атанды. Жаңартылған АОК комитеттері 2028 жылға дейін қызмет атқаратын болады.