Қазақстандық теннисші ресейлік Олимпиада чемпионымен шаңырақ көтерді
Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Аделина Сотникова Instagram парақшасында қазақстандық теннисші Дмитрий Попкоға тұрмысқа шығатынын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жұп басында романтикалық қарым-қатынастарын жасырып жүрген. Сондай-ақ спортшылар Сотникованың жүктілігін де айтқан жоқ. Попко екеуінің ұлы 2022 жылы 30 қазанда дүниеге келді, баланың есімі – Адриан.
2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Instagram желісінде сүйіктісімен түскен фотоларын жариялады.
27 жастағы Попко Санкт-Петербург қаласының тумасы. 2011 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Қазір теннисші әлемдік рейтингте 240-орында және жекелей сында еліміздің бесінші ракеткасы. Сотникова да 27 жаста.
Ол коньки тебуден әйелдер арасында Ресейден шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Мәнерлеп сырғанаушы 2020 жылы спорттық мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялады.