Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Мария Севостьянова турнирдің кұміс жүлдегері атанды. 57 келіде сынға түсетін ол финалға дейін сүрінбей жетіп, ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді.
Айта кетелік, аталған құрлық додасында өзге спортшыларымыз медаль алған жоқ.