Қазақстандық семсерлесушілер қола жүлдеге қол жеткізді
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Францияның Сен-Мор-де-Фоссе қаласында өткен Challenge Monal турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Біздің шпагашылар турнирдің жартылай финалына дейін сүрінбей жетті. Алайда, сол кезеңде Франция құрамасы 36:45 есебімен жол берді.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Израильмен кездесіп, еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Аталған сында Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай қорғады.
Осы төрт спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында да бақ сынайды.