Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогінде үздік ондыққа енді
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Бернде (Швейцария) өткен әлем кубогінің кезеңінде ширек финалға дейін жетті, деп хабарлайды Sport +.
Командалық жарыста медаль үшін Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов күресті.
1/16 финалда қазақстандық семсерлесушілер Данияны 31:30 есебімен жеңді. Келесі кезеңде Қазақстан құрамасы Украинаны 33:32 есебімен тізе бүктірді.
Ширек финалда спортшыларымыз Венгрияға 36:45 есебімен есе жіберді. Содан соң 5-8 орындар үшін өткен кездесуде Қазақстан Швейцариядан 42:45 есебімен ұтылды. Жетінші орын үшін Нидерланд құрамасымен болған сайыста қазақстандықтар 45:40 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогінің кезеңінде жалпы есеп бойынша жетінші орынды иеленді.