Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатының үздік 32 спортшысының қатарына шықты
Қазақстанның ерлер арасындағы шпагашылар құрамасы әлем чемпионатындағы жарысын жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.
Кезекті кезеңнің қорытындысы бойынша екі қазақстандық спортшы келесі айналымға өтіп, турнирдің үздік 32 семсершісінің қатарына енді.
Кездесулердің нәтижелері:
Руслан Құрбанов Израиль өкілі Йехонатан Ламбре-Мессиканы 15:7 есебімен жеңді.
Кирилл Проходов Финляндия спортшысы Керкко Ярвиді 15:5 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Ал Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай жарысты аяқтады.
Вадим Шарлаимов Виргин аралдарының өкілі Круз Шембриге 9:15 есебімен есе жіберсе, Ерлік Сертай Оңтүстік Корея спортшысы Квон Оминнен 10:15 есебімен жеңілді.