Қазақстандық шахматшы Нидерландыдағы беделді турнирге қатысады
17 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Нидерландыда өтетін халықаралық Tata Steel Chess шахмат турниріне Қазыбек Нөгербек қатысады, деп хабарлайды Sport+.
Бұл — 1937 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан ең ескі әрі ең беделді шахмат турнирлерінің бірі.
Турнир екі топта өтеді: Masters және Challengers. Әр топта 14 қатысушыдан болады.
Қатысушылар қатарында шахматтан қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджу, өткен жылғы турнирдің чемпионы Вэй, 2020 жылғы жеңімпаз Фабиано Каруана бар. Қазыбек Нөгербек Challengers тобына тіркелген.