logo

Қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды
 

Шахматтан 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстандық Қазыбек Нөгербек жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қорытынды турда қазақстандық шахматшы тікелей бәсекелесі – Армениядан келген гроссмейстер Мамикон Гарибянды жеңді.

Әлем чемпионаты аясында Нөгербек 11 тур өткізіп, нәтижесінде ең жоғары орынға ие болды. Астана қаласының шахмат мектебінің тәрбиеленушісі әлем чемпионатына дейін гроссмейстер атағына ие болған.

Бұған дейін қазақстандық шахматшылар арасынан осындай жетістікке Дармен Садвакасов (1998), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Әбдімәлік (2017) жеткен болатын.