Қазақстандық шаңғымен секіруден тарихи жетістікке жетті
Қазақстандық Данил Васильев Польшаның Закопане қаласында өткен FIS Кубогының шаңғымен секіруден кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол үлкен трамплиннен секіру сайысында жеңіске жетті. Бірінші орын оған 249,4 ұпай әкелді. Екінші орында Германиядан Мартин Хаманн – 247,5 ұпай, ал үшінші орында Австриядан Ульрих Волгенант – 246,5 ұпаймен аяқтады.
Айта кетейік, Васильевтің жетістігі тарихи болып саналады. Бұған дейін қазақстандықтар FIS Кубогының кезеңдерінде бірінші орынды алып көрмеген.