Бұл жарысқа барлық құрлықтардан келген ең мықты спортшылар қатысты.

65 кг салмақ дәрежесінде Абай облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушысы Сайран Сағындықов қола жүлдегер атанды.

77 кг салмақ дәрежесінде Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жасағы өрт сөндіру бөлімінің техник-қызметкері Анас Нүркеш және 53 кг салмақ дәрежесінде Ақмола облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкері Ерназ Мұсабек осы турнирдің жеңімпаздары атанды.  

Бұл жетістік біздің құтқарушылардың жоғары спорттық жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ ел азаматтарының қауіпсіздігі жолындағы қызметтерінде де кәсіби шеберлігі мен рух күшін айқындайды, - делінген ТЖМ хабарламасында.