Қазақстандық паралимпиада чемпионы жаңа рекорд тіркеді

Мысыр астанасы Каирде пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport+.
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, әлем чемпионатындағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дегтярев жалпы 567 кг көтеріп, жеңіске жетті.
Бұл көрсеткіш Азияның жаңа рекорды болып тіркелді.