logo

Қазақстандық мергендер садақ атудан әлем чемпионатының үздік ондығына кірді

Қазақстандық мергендер садақ атудан әлем чемпионатының үздік ондығына кірді

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен әлем чемпионаты аясында блокты садақ атудан жекелей сындар өтті.

Қазақстан құрамасының екі өкілі үздік ондыққа енді.

Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы нәтиже көрсетіп аяқтады. Олар әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы командалық сайыста ұлттық құрамамыз қола жүлдеге ие болды. Бұл жетістікке Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян қол жеткізді.



Күн шежіресі