Қазақстандық мерген Әлем кубогының лицензиялық кезеңінде үздік бестікке енді
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан құрамасының мүшесі Валерий Рахымжан бесінші орыннан көрінді. Ол пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен.
Шешуші сында ол 176 ұпай жинап, алғашқы бестіктен көрінді.
Еске сала кетейік, нысана көздеуден Қазақстан командасы еншісінде Олимпиада ойындарының бес жолдамасы бар.