Қазақстандық каратэші Премьер-лига плей-офф кезеңіне шықты
Қазақстандық каратэші Никита Тарнакин Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан Премьер-лига санатындағы турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Спортшы топтық кезеңде хорватиялық Иван Квешичті, финляндиялық Бьерн Куловуори мен француз Исса Ларджуманы жеңді.
Ширек финалда Никита мысырлық Юсеф Бадавимен кездеседі.
Сондай-ақ Софья Берульцева да плей-оффқа шықты. Ол топта хорватиялық Николина Голомбош пен мысырлық Хабиба Хельманиден басым түсті.