logo

Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы турнирге қатысады

Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы турнирге қатысады

Чехияның Брно қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирінің соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталған халықаралық сында Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы қорғайды. Айбота биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанған болатын. 

Айта кетелік, турнир 15-16 маусымға жоспарланған.