Қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Зейнолла Ыдырысов Антальядағы (Түркия) Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.
Финалда Ыдырысов төрешілердің шешімімен 13.733 ұпай жинады.
Ирландиялық Рис Маккленаган жарыс жеңімпазы атанды — 13.900 ұпай. Ал оның отандасы Джеймс Хикки 13.566 ұпаймен үшінші орын алды.
Айта кетейік, қол тіреп секіру жаттығуының финалында қазақстандық Роман Маменов өнер көрсетеді.