Қазақстандық футболшы «Динамоға» ауысады
26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев Минскінің «Динамосына» ауыспақ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Футболшы жақын арада клубпен келісімшартқа отырмақ.
Васильев – Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Жартылай қорғаушының соңғы клубы «Ордабасы» болды, онымен 2023 жылғы маусымда чемпион атанды.
Сондай-ақ оның мансабында Қостанайдың «Тобыл», Беларусьтің «Энергетик-БГУ», «Рух» және Өзбекстанның «Андижан» клубтары болды.
Васильев Қазақстан құрамасы сапында 12 матч өткізді.