Қазақстандық Дохадағы семсерлесу бойынша Гран-приде ТОП-15
Дохада (Катар) қылышпен семсерлесу бойынша Гран-при сериясының кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Ерлер арасындағы жарыста Руслан Құрбанов Қазақстан құрамасында үздік атанды. Ол 13-ші орында.
Еңлік Сертай 40-шы, Георгий Тинников — 43-ші, Вадим Шарлаимов — 63-ші, Александр Федотов — 88-ші, Кирилл Павлов — 98-ші, Эльмир Әлімжанов — 99-шы, Никита Жулинский — 156-шы болды.
Әйелдер командасы да марапатсыз қалды. Владислав Андреева 99-шы, София Николайчук 127-ші, Әсель Әлібекова 152-ші нәтиже көрсетті.