logo

Қазақстандық биатлоншылар әлем чемпионатындағы жарыстарын бастады

Қазақстандық биатлоншылар әлем чемпионатындағы жарыстарын бастады

Чехияның Нове-Место қаласында дүниежүзінің ең үздік биатлоншылары қатысып жатқан қысқы әлем чемпионатында бүгін әйелдер арасындағы 7,5 км спринт сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталған сында қазақстандық үш спортшы бақ сынады. Өкінішке қарай жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ.

Бұл бәсекеде алғашқы болып мәре сызығына француздықтар жетті. Алтын жүлдеге Жюли Симон ие болды. Екінші орынға Жюстин Брезаз, үшінші орынға Лу Жанмонно жайғасты.

Ал Қазақстанның ұлттық құрама спортшыларынан Галина Вишневская-Шепоренко бәсекені 43-ші, Алина Скрипкина 78-ші, Полина Егорова 82-ші болып аяқтады.

Биатлон. Әлем Чемпионаты.

Нове-Место (Чехия)
 Әйелдер.

Спринт сайысы.

7,5 км.



1.⁠ ⁠Жюли Симон (Франция) — 20:07.5 (0)
2. 
 2.⁠ ⁠Жюстин Брезаз (Франция) — +4.9 (1)
3. 
 3.⁠ ⁠Лу Жанмонно (Франция) — +40.8 (1)


43.⁠ ⁠Галина Вишневская-Шепоренко (Казахстан) — +2:29.2 (0)
78.Алина Скрипкина (Казахстан)- +4:01.8 (1)
82.Полина Егорова (Казахстан)-+4:25.6 (4).

Айта кетейік, аталған әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Ольга Полторанина, Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев, Асет Дюсенов және Александр Мухин өнер көрсетіп жатыр.

Турнир аясында 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Біріншілік 18 ақпанда мәресіне жетеді.