Қазақстандық баскетболшылар Азиада-2026 ойындарында Гонконгты жеңді

Қазақстандық баскетболшылар Азиада-2026 ойындарында Гонконгты жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Топтық кезеңдегі соңғы кездесуінде ұлттық құрама Гонконг командасымен кездесті.

Қазақстандық баскетболшылар 80:77 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңді бір жеңіс және екі жеңіліспен аяқтады. Бұған дейін команда Филиппиннен 58:86 есебімен, ал Жапониядан 23:88 есебімен жеңілген еді.



Күн шежіресі