Қазақстандық балуандар жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жету мүмкіндігінен айырылды
Албанияда өтіп жатқан жастар арасындағы күрес әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері алтын медальсіз қалды, деп хабарлайды Sport+.
22 қазанда кілемге шыққан бес балуан да жартылай финалға жете алмады. Ербол Камалиев 1/8 финалда жеңіске жеткенімен, ширек финалда үндістандық қарсыласынан жеңілді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Базарбаев, Темірлан Қаратай, Бағлан Қуаныш және Асылбек Әбдіқалық өз қарсыластарына есе жіберді.
Балуандар тек қола медальға үмітті болып қалды.