logo

Қазақстандық әлем кубогы кезеңіндегі жеңісті пікірледі

Қазақстандық әлем кубогы кезеңіндегі жеңісті пікірледі

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командары Анкарада (Түркия) өткен әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Біздің спортшылар аралас командалық сында үздік нәтиже көрсеткен. Аталған бәсекеде Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко бақ сынады. 

«Турнир мен үшін оңай өткен жоқ. Эстафетаға дейін жекелей сында өнер көрсеткіндіктен,  шаршап қалыппын. Десе де, біз алғашқы спорт түрі – семсерлесуден соң алға ұзап кеттік. Осы басымдықты соңына дейін ұстап тұрдық. Бұл керемет жетістік арқылы біздің команда өз тарихында екінші рет әлем кубогінен алтын медаль алды. Өте қуаныштымын. Жеке өзім семсерлесу мен жүзуден жақсымын. Ал жарыстың Еуропа елдерінде, аса қатты ылғалдылық жоқ жерде өткені ұнайды. Айта кетейік, әрбір жеңіс үлкен сенім сыйлайды. Оның үстіне, Олимпиада қарсаңындағы қиын маусымда... Алда Болгарияда өтетін әлем кубогі күтуде. Аталған жарыс мамырдың басына жоспарланған», - деді Потапенко Olympic.kz сайтына берген сұхбатында. 



Күн шежіресі