Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күні аталып өтті
Бүгін, 23 маусым күні, бар әлемде Халықаралық Олимпиада күні тойланып жатыр. Қазақстан аталған ауқымды шараға 31-рет қатысуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Ерекше датаны тойлау барысында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мереке мен олимпиадалық қозғалыстың маңызын арттыратын бірқатар іс-шара өткізді.
Бүгін, 23 маусым күні, негізгі іс-шаралар өткен Триатлон саябағына келушілер үлкен мерекенің бір бөлшегіне айналды. Спорттық бағдарлама аясында триатлон мен 3х3 баскетболдан жарыстар ұйымдастырылды.
Триатлон додасына 250 адам қатысты. Кейін баскетболшылар естелік сыйлықтар үшін өзара сынға түсті. Одан бөлек, көркем гимнастика, брейкинг, таеквондо және бокстан қонақтарға арнайы көрсетілім нөмірлері ұсынылды.
Мерекелік бағдарламаны брейкингтен Қазақстан ұлттық командасының мүшелері ашып, сахнада өз шеберліктерін көрсетті. Таеквондо және бокстан көрсетілім нөмірлерін №3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары орындады. Ал көркем гимнастиканың сұлулығын №1 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің гимнастары көпшілік алдында паш етті.