logo

Қазақстанда 50 миллион қаржы құрайтын шахмат турнирі өтеді

Қазақстанда 50 миллион қаржы құрайтын шахмат турнирі өтеді

Қазақстанда белгілі шахмат спорты қайраткері Владимир Дворковичті еске алуға арналған халықаралық Aktobe Open-2024 турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Федерация баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жарыстың жүлде қоры — 100 мың доллар (49 миллион теңге) құрайды.

Чемпионаттар ФИДЕ ережелері бойынша 9 турдан тұрады. Уақыт бақылауы: 90 минут + 30 секунд.

Жарыстар 24 мамырдан 3 маусымға дейін Ақтөбеде өтеді.



Күн шежіресі