Қазақстан жастар құрамасының спортшылары Германиядағы турнирге қатысады

Қазақстан жастар құрамасының спортшылары Германиядағы турнирге қатысады

19-20 қыркүйек күндері Германияның Гамбург қаласында таеквандодан дәстүрлі German Open халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Айтжан Алдабеков жетекшілік ететін Қазақстан жастар құрамасы аталған жарысқа бес спортшымен қатысады.

Қазақстан құрамасының сапында:

Юн Любовь
Балгерім Өтеген
Жарас Нурила
Сабина Тұртулова
Карім Аделя

Бұл турнирге ерекше мән беріліп отыр. Себебі жарыс қорытындысы бойынша Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшылар анықталады.



Күн шежіресі