logo

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы «Каспийде» қаралымда

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы «Каспийде» қаралымда

28-жасар тіреуші жартылай қорғаушы Алтынбек Сапаров ақтаулық «Каспийге» қаралымға келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqtsan.

Сапаров «Каспийдің» тізгінін ұстаған Владимир Никитенкомен «Атырауда» жасаған кездерден таныс, сол себепті тәжірибелі ойыншы ақтаулық ұжымның жиынына қосылуды жөн көрді.

Өткен маусымда Алтынбек Сапаров «Елімайға» Бірінші лиганың алтын медельдарын жеңуге көмектесті.

Сапаров жалпы Премьер-лигада 97 ойын өткізіп, 2 гол соқты.