Қазақстан жасөспірімдер арасындағы су добынан әлем чемпионатында Сингапурды жеңді
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы су добынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық ватерполшылар Сингапур құрамасына қарсы ойнап, тартысты матчта жеңіске жетті.
Негізгі уақыт тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандық спортшылар дәлдік танытып, 16:15 есебімен жеңіске жетті. Ернар Тлекқабыл матчтың үздік ойыншысы атанды.
Еске салайық, әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвайға қарсы матч өткізеді.