Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Жасөспірімдер Азия ойындарында қазақстандық спортшы Алиям Азизова пенчак силаттан қола медаль жеңіп алды.
55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азизова жартылай финалда Филиппин өкілі К. Карпиомен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесі бойынша қарсыласы 46:27 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Алиям Азизова құрлықтық сынның қола жүлдегері атанды.