logo

Қазақстан жасөсіпірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы медалін алды

Қазақстан жасөсіпірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы медалін алды

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы медалін алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды. 

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 285 (129+156) келіні көтерген. 

Алтын медальді египеттік Хуссейн Хамуда Абделрахман (286 келі), қоланы молдовалық Александр Балжи (282 келі) иеленді. 



Күн шежіресі