Қазақстан волейболдан Орталық Азия кубогында екінші матчын өткізді
Пәкістанның Исламабад қаласында волейболдан Орталық Азияның ашық чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы екінші кездесуде Өзбекстан құрамасына 3:2 (19:25, 25:22, 27:29, 26:24, 16:14) есебімен жол берді.
Айта кетейік, ұлттық құрама алғашқы ойынында Непал командасын жеңген еді. Ертең 24 шілдеде Бангладешпен өзара мықтыны анықтайды.