Қазақстан үстел теннисінен Азиаданы жеңіспен бастады

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ Азиададағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама G тобындағы алғашқы матчта Бангладешпен кездесті. Үш кезеңге созылған ойында Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ұлттық команда сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов өнер көрсетуде. G тобында Қазақстаннан бөлек, Бангладеш, Лаос және Сингапур құрамасы бар.

Келесі ойында отандастарымыз Сингапурмен кездеседі.



Күн шежіресі