Қазақстан ҰОК делегациясы Халықаралық Олимпиада комитетінің штаб-пәтеріне сапармен келді
Геннадий Головкин бастаған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің делегациясы Лозанна (Швейцария) қаласына келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған жұмыс сапары халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалысты бірлесе дамыту жолында маңызды қадам болмақ.
22 мамыр күні, бас хатшы Жанар Утешева мен Қазақстан ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербектен құралған делегация ХОК-тың штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиадалық үйге барды. Қазақстан ҰОК өкілдеріне арнап түрлі Олимпиадалық қозғалыстың заманауи дамуындағы түрлі аспектілер мен ерекшеліктерді қамтыған таныстырылым өтті.
Қазақстан ҰОК делегациясының жұмыс сапары аясында түрлі ХОК департаменттерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Айта кетелік, аталған іс-сапардың басты оқиғасы – Геннадий Головкин мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах арасындағы кездесу болмақ.