Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының қанша жолдамасы бар?
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1);
Нысана көздеу – 5;
Садақ ату – 4;
Семсерлесу – 4;
Тас жолдағы велоспорт – 3;
Қазіргі бессайыс – 2;
Таэквондо – 2;
Грек-рим күресі – 1;
Еркін күрес – 1;
Спорттық гимнастика – 1;
Батуттағы гимнастика – 1.
Қазақстан өңірлерінің ішінде Олимпиадаға лицензия жеңіп алу жөнінен Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысы көш бастап тұр. Үш өңірдің де еншісінде бес жолдамадан бар.
Кейінгі орындарға ШҚО (4), Астана қаласы (3), Жамбыл (2), СҚО (2), Ақмола (1), Қызылорда (1), Абай (1), Қарағанды (1) және Түркістан облыстары (1) жайғасқан. Ал қалған өңірлерде Олимпиаданың бірде-бір жолдамасы жоқ.