Қазақстан тректегі велоспорттан халықаралық жарыста екі жүлде жеңіп алды

Қазақстан тректегі велоспорттан халықаралық жарыста екі жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Германияның Людвигсхафен қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз омниум дисциплинасында жеңіс тұғырынан көрінді.

Илья Карабутов күміс жүлдеге ие болса, Максим Хорошавин қола жүлдегер атанды. 

Бұл бәсекеде Германия өкілі Мориц Аугенштейн алтын медаль жеңіп алды.



Күн шежіресі