logo

Қазақстан Thailand Open рейтингтік турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Thailand Open рейтингтік турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан Thailand Open Гребной слаломнан рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каноэ бағдарламасы бойынша жекелей жарыста қазақстандық спортшы Александр Куликов жеңімпаз атанды.

Жүлдегерлер (Canoe Slalom):
1-орын — Александр Куликов (Қазақстан)
2-орын — Кейго Ямамото (Жапония)
3-орын — Севан Билло (Австралия)

Қақпалардан өту кезінде екі секундтық айыппұл алғанына қарамастан, Куликов 86,51 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан оза шапты. Сондай-ақ үздік бестік қатарына Қазақстанның тағы бір өкілі Қуаныш Еренғайыпов еніп, төртінші орын алды.

Бұған дейінгі жарыс күндерінде ұлттық құрама тағы 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған еді:
Иманғали Мәмбетов (каяк) — «күміс»
Анастасия Ананьева (каноэ) — «күміс»
Екатерина Таранцева (каяк-кросс) — «күміс»
Владислав Рябко (каяк-кросс) — «қола»
Тимур Рынк (каяк-кросс) — «қола»

Thailand Open турнирі 8 наурызда аяқталады. Одан кейін спортшылар Паттайя қаласына аттанып, онда жасөспірімдер мен жастар (U18–23) арасындағы Азия чемпионатына қатысады.



Күн шежіресі