logo

Қазақстан тағы бір олимпиадалық лицензияны жеңіп алды

Қазақстан тағы бір олимпиадалық лицензияны жеңіп алды

Катарда өткен су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында Париждегі Олимпиада ойындарына артистік жүзу өкілдері арасында лицензия иелері анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Командалық жарыс қорытындысы бойынша 2024 жылғы Олимпиада ойындарына АҚШ, Испания, Жапония, Италия және Канада құрамалары квота алды. Бұл нәтиже аталған топтарға дуэттер арасындағы жарыстарда өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының спортшылары Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина да лицензия алды. Бұл азия ойындарында сәтті өнер көрсетудің арқасында мүмкін болды, аталмыш турнирде олар «қоланы» ұтып алды.