Қазақстан су добынан Азия ойындарында Таиландты жеңді

Қазақстан су добынан Азия ойындарында Таиландты жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде Таиландқа қарсы ойнады.

Матч төрт кезеңге созылып, негізгі уақыт тең есеппен (10:10) аяқталды. Пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Отандастарымыз бұған дейін Сингапурды 7:12 есебімен жеңсе, Жапонияға 10:25 есебімен жол берген еді.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы келесі матчын 23 қыркүйекте Қытайға қарсы өткізеді.