Қазақстан су добынан Азиадада Таиландтан басым түсті
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан А тобындағы үшінші кездесуінде Таиландқа қарсы ойнады.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 21:6 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, ерлер құрамасы бұған дейін Жапонияға 11:19 есебімен жол берсе, Гонконг командасын 29:15 есебімен жеңді.