logo

Қазақстан спортшысы үшін ескі әнұран қойған жапондықтар кешірім сұрады

Қазақстан спортшысы үшін ескі әнұран қойған жапондықтар кешірім сұрады

Хатинохе (Жапония) қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатының соңғы жарыс күнінде ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түскен, деп хабарлайды Sport +.

Ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды. Сол кезде Қазақстанның ескі әнұраны қойылды. Осыған байланысты Жапонияның конькишілер федерациясы Қазақстан құрамасынан кешірім сұрады. 

Бұл туралы Қазақстан конькишілер одағының баспасөз қызметі мәлім етті. Осы оқиғадан кейін қазақстандық конькишілер одағы ISU мен жарысты ұйымдастыру комитетіне хат жолдап, түсініктеме беруді сұраған.

Бір қызығы, Щиголов Қазақстанның ескі мен жаңа әнұранын ажырата алмай ма, соңына дейін тыңдап қолын жүрегін ұстап тұрды.