Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық шпагашылар Мысыр құрамасын 41:32 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының кемінде күміс жүлдесін қамтамасыз етіп, өз тарихында ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын.

Финалда қазақстандықтар Украина мен Израиль құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Кездесу Астана уақытымен сағат 15:30–да басталады.

Еске салайық, командалық жарыста Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғауда.



Күн шежіресі