logo

Қазақстан шахмат Олимпиадасында көшбасшы атанды

Қазақстан шахмат Олимпиадасында көшбасшы атанды

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Әлемдік Олимпиадада жеке дара көшбасшы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тоғызыншы турда Қазақстан құрамасы Польша командасын 2,5:1,5 есебімен жеңді. Жеңісті командамызға Әлуа Нұрман әкелді, ал Бибісара Асаубаева, Меруерт Қамалиденова және Ксения Балабаева өз ойындарын тең нәтижемен аяқтады.

Нәтижесінде, тоғыз турдан кейін Қазақстан құрамасы 16 ұпаймен бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарда Үндістан (15), Польша және АҚШ (әрқайсысы 14 ұпайдан) орналасқан.

Олимпиада соңына дейін әлі екі тур қалды.



Күн шежіресі