Қазақстан Республикасының жүзуден чемпионаты басталды
5–8 мамыр аралығында Талдықорған қаласында 2026 жылғы жүзуден Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Sport+.
Чемпионатқа еліміздің 17 өңірінен құрама командалар қатысуда. Жалпы қатысушылар саны — 372 спортшы, оның ішінде 229 ер адам және 143 әйел.
Бұл жарыс World Aquatics халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Чемпионат рейтингтік және 2026 жылдың желтоқсанында Қытайда өтетін қысқа қашықтықтағы (25 м) жүзуден әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, биыл күзде Сенегалда өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына іріктеу жарысы саналады.
Осыған байланысты чемпионат шетелдік қатысушылардың да назарын аударуда. Жарысқа Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командалары да қатысуда.
Жарыстың алғашқы күні қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екі жаңа рекорды орнатылды. Глеб Коваленя (Ақтөбе облысы) 50 м еркін стильде 22.06 нәтижесімен ел рекордын жаңартты. Ксения Игнатова (Қарағанды облысы) 200 м кешенді жүзуде 2:17.40 нәтижесімен жаңа рекорд орнатты.
Алғашқы күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Әйелдер, 200 м еркін стиль
1 ДЮ, Даниела — 2:05.78 — АЛА
2 Федотова, Мария — 2:08.60 — ЖТО
3 Миленина, Ева — 2:09.72 — АЛА
Ерлер, 200 м еркін стиль
1 Черепанов, Данил — 1:51.68 — ШМК
2 Клименко, Максим — 1:52.29 — АЛА
3 Балабек, Ғалымжан — 1:52.84 — ТКО
Әйелдер, 100 м арқамен жүзу
Игнатова, Ксения — 1:01.51 — КГО
Марасанова, Дарья — 1:04.80 — ТКО
Гладких, Виктория — 1:05.55 — АЛА
Ерлер, 100 м арқамен жүзу
Разиев, Мансур — 58.66 — АЛА
Любимов, Кирилл — 58.85 — АСТ
Алпысбай, Абдурахман — 59.25 — АКО
Әйелдер, 100 м баттерфляй
Сподаренко, Софья — 1:01.77 — ТКО
Туребаева, Айжан — 1:03.24 — АСТ
ДЮ, Даниела — 1:03.63 — АЛА
Ерлер, 100 м баттерфляй
Мусин, Әділбек — 52.81 — АСТ
Шевченко, Артем — 53.58 — ШМК
Хисамиев, Раид — 55.31 — АКО
Әйелдер, 200 м кешенді жүзу
Игнатова, Ксения — 2:17.40 — КГО
Ермакова, Анастасия — 2:25.67 — АЛА
Тоқтобаева, Дария — 2:27.64 — ТКО
Ерлер, 200 м кешенді жүзу
Чужинов, Даниил — 2:07.91 — АЛА
Айткалиев, Мансур — 2:10.09 — ВКО
Нурумбаев, Арсен — 2:11.87 — АСТ
Әйелдер, 50 м брасс
Пупко, Анна — 33.27 — АЛА
Устьянцева, Тамара — 33.46 — ВКО
Блеко, Алиса — 33.87 — АБО
Ерлер, 50 м брасс
Мырзамұратов, Айбат — 27.80 — АКО
Корольков, Константин — 28.54 — АКО
Руденко, Анатолий — 28.68 — ВКО
Әйелдер, 4×100 м еркін стиль эстафетасы
АЛА 1 — 3:57.96
ТКО 1 — 4:01.00
ЖТО 1 — 4:01.27
Ерлер, 4×100 м еркін стиль эстафетасы
АКО 1 — 3:26.65
ШМК 1 — 3:26.74
СКО 1 — 3:27.34