Қазақстан регбиден U18 санатындағы Азия сериясы кезеңіндегі жарысты аяқтады

Қазақстан регбиден U18 санатындағы Азия сериясы кезеңіндегі жарысты аяқтады

Циндао қаласында (Қытай) регбиден U18 санатындағы Азия сериясының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыста Қазақстан атынан ерлер және әйелдер құрамасы өнер көрсетті. Екі күнге созылған бәсекенің қорытындысы бойынша ұлдар құрамасы тоғызыншы, қыздар құрамасы сегізінші орынға ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасы жеңімпаз атанды. Гонконг екінші орынға тұрақтаса, Қытай қола медальді иеленді.

Қыздар арасындағы турнирде Қытай құрамасы топ жарды. Екінші орын Гонконгқа бұйырса, Малайзия құрамасы үшінші орын алды.



Күн шежіресі