logo

Қазақстан құрамасының шабуылшысынын «Металлургтен» кету себебі белгілі болды

Қазақстан құрамасының шабуылшысынын «Металлургтен» кету себебі белгілі болды

«Металлургтің» спорттық директоры Сергей Гомоляко магнитогорлық клубтан 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Максим Мухаметовтың кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Мухаметовпен неге қоштастық? Одан перспективаны көрмедік. Бұл маусымның ортасында анық болды», — деді Гомоляко.

Мухаметов 2023/24 маусымының басында «Металлургке» ауысты.

Шабуылшы 2023/24 Континентальдық хоккей лигасы (КХЛ) регулярлық чемпионатында 23 ойын өткізіп, төрт (3+1) ұпай жинады. Плей-оффта Мухаметов төрт ойында ешқандай нәтиже көрсеткен жоқ.

2023/24 маусымында «Металлург» Гагарин Кубогын жеңіп алды.