Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Еуропа чемпионатында гол соқты (видео)
Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев «Слуцк» командасы сапында өзінің алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл Беларусь чемпионатының алтыншы туры аясында «Шахтермен» сырт алаңда болған ойында орын алды.
«Слуцк» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Барлық голдар бірінші таймда соғылды. Өміртаевтың 24-минутта соғылған голы ойында шешуші болып, «Слуцк» командасына жеңіс алып келді.
Оралхан ақпан айының аяғында Беларусь чемпионатында өнер көрсететін «Слуцк» командасының ойыншысы атанған болатын.